Венецияда алапат су тасқыны болып, орталықтардың 75 пайызы су астында қалды.
Қазіргі уақытта қолайсыз ауа-райынан елдің солтүстігіндегі бірнеше облыстарда «қызыл» деңгей жарияланған. BBC мәліметтері бойынша, нөсер жаңбыр оңтүстік және орталық Италияның көптеген провинцияларында тіркелді. Апат салдарынан сегіз адам қаза тауып, кей провинцияларда жапа шеккендер саны анықталуда.

Фото: www.bbc.com
Венециялықтар үшін су тасқыны қалыпты жағдай саналса да, бұл соңғы бірнеше жылмен салыстырғанда ең қауіпті әрі күшті апат ретінде тіркелді. Қалалық билік уақытша вапореттонның (су көлігі) қозғалысын тоқтатып, жергілікті тұрғындар мен туристерге көшеге шықпау туралы ескерту жасалды.

Фото: www.bbc.com

Фото: www.bbc.com
Су деңгейі бір жарым метрге дейін көтерілген.

Фото: www.bbc.com
Сауда орталықтар мен дүкендер жұмысын жалғастырса да, сатушылар сумен алысып әлек.

Фото: www.bbc.com
Метеорологтардың болжауынша, жақын арада ауа-райы өзгере қоймайды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел