АҚШ президенті Дональд Трамп 2016 жылғы сайлауға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқан прокурор Роберт Мюллердің сұрақтарынан еш қымсынбайтынын және нақты жауап бере алатынын айтты.
Fox News телеарнасына сұхбат берген Трамп Америкадағы сайлау кезінде Ресей тарапынан «жақсылық көрді» деп айыптаған Мюллермен бетпе-бет кездесіп, сауалдарға жауап беремін деді. Өз сөзінде ол «ешқандай шешімге килікпегенін» айтты. Мәскеу де өзге мемлекеттердегі сайлау қорытындысына қатыспайтынын жеткізіп, «Мюллер таратқан ел арасындағы өсек-аяңды» түбегейлі жоққа шығарды.
Осыған дейін CNN тілшілері прокурорға Ақ үйдегі сайлауалды штаб қызметкерлері ресейлік агенттіктермен «ауыз жаласып», президенттік сайлауға дауыс жинағаны туралы сауалдар жолдаған болатын. Тілшілерге Мюллер АҚШ президентінің әділ сот жүргізуге кедергі келтіруі және Дональд Трамптың сайлауалды штабының Кремльмен сөз байласуы бойынша тергеу амалдарын жүргізетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол аталған мәселеге қатысты істі жан-жақты қарастырып, Конгреске аралық сайлау біткен соң, осы жылдың қарашасында барлық деректерді жария ететінін айтқан.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті