Әскерлерінің пайдаланатын қару-жарағымен әлемнің алдынғы орнын иелейтін АҚШ, қарапайым халықтың қолындағы қарудың санымен де алда тұр. Қаруды арнайы есепке алу кезінде АҚШ-та 393,3 миллион тапанша бар екендігі анықталған. Бұл дегеніңіз, жүз адамға 120,5 қарудан келеді екен. Дәл осындай ақпаратты AmericaRu сайты мәлімдеп отыр.
Small Arms Survey ұйымының рейтинг көрсеткіші бойынша, бұл есепке тең келер өзге мемлекеттер табылған жоқ. Ал, көршілес Канада елінде 100 адамға 34,7 қарау тиесілі болса, Мексикалық 100 тұрғынға 12,9 тапаншадан келеді екен.
Сонымен бірге Pew Research Center жүргізген сауалнама нәтижесі, елдегі 69 пайыз тұрғынның жеке қаруы болмағаны анықталып отыр. Осыған байланысты рекордты көрсеткішке елдің үштен бірі ғана жетіп отыр. Ал, үш пайызды бір тапаншадан артық жинағандар құраса, қалған 29 пайыз тұрғынның әрбірінде бір қарудан тіркелген.