АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жон Роберт Болтон (John Robert Bolton) 26 қазан күнгі ақпарат құралдарына берген мәліметінде, Қытайдың басқарылмалы зымырандарының Ресей үшін аса қауіпті екенін, «Керек болса «Ресейдің қолқа-жүрегін де» суырып алатынын» айтқан.

Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт Болтон. Фото: VOA News.

Болтон Мәскеу сапарынан кейін Грузияға да сапарлай барды. Ол Тбилисиде REUTERS ақпарат агенттігінің сұхбатын қабылдап,  Қытайдың Ресейге төндіретін қауіптері туралы өз ойларымен бөліскен. Сондай-ақ, Уашингтонның Мәскеумен әскери стратегиялық диалогтар орнатқысы келетінін айтқан.

Трамп үкіметі «Қырғи қабақ соғысы» кезінде АҚШ-Кеңес одағы арасында қол қойған келісімдерден бас тартатынын мәлімдегеннен кейін, Болтон Мәскеуге арнайы сапармен барған болатын.

Қытайдың баллистикалық зымырандарының қамту аралығы. Фото: gifex.com.

АҚШ үкіметі өз кезегінде Ресейді аталған келісімді ұзақ уақыттан бері бұзып келеді деп айыптады. Ал, қысқа және орта қашықтықтағы зымырандарға бай Қытай аталған келісімде жоқ екенін айтқан болатын.

Құрама Штат қазір Тынық мұхиттағы басты қарсыласы Қытайға қарсы стратегиялық жоспарлар әзірлеуде. Оның алғашқылары қазірден бастап атқарылуда. Қытай зымырандарына қарсы Ресейдің зымыранға қарсы супер қорғаныс жүйесінің бар екені де анық. Алайда, Трамп үкіметі Қытай зымырандарының Ресейге төндіретін қаупін ескерту арқылы, Ресей мен Қытайды бірдей қамтитын келісімге қол жеткізуге тырысуы мүмкін.

“The Qazaq Times”