Индонезияның Lion Air атты әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны туралы әлем ақпарат құралдары жазуда. Аталған ұшақ Жакарта (Джакарта) әуежайынан ұшып шығып, көп өтпей теңізге құлаған.  Индонезияның үкіметі таратқан ресми мәліметте, Boeing 737 Ява аралының батыс жиегінде құлағаны айтылады.

Boeing 737 Жакартадан Банка аралындағы Панкалпинанг қаласына бет алған. Әуеге көтеріліп 10 минуттан кейін радардан жоғалған. Индонезиялық БАҚ-тың айтуынша, ұшақта 178 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған.

Фото: BBC.

Lion Air авиакомпаниясы туралы ақпараттарды ақтарғанымызда білгеніміз – аталған компания жеке меншік компания, сондай-ақ, Индонезиядағы ең ірі әуе компаниясы болып саналады. 120-дан астам бағытқа ұшатын 105 ұшағы бар. Бұдан бұрын аталған компанияда апатты жағдай 2013 жылы тіркелген екен. Сол рет  Boeing 737 ұшағы ұшу жолынан көтеріле алмай қалған, алайда ешкім зардап шекпеген.

Әзірге, кезекті апаттан зардап шеккендер туралы анық ақпарат жоқ.

“The Qazaq Times”