Тәжікстанда тағы да ұн қымбаттады.

Қазір Душанбе базарында 1 қап (50 келі) ұнның бағасы сортына қарай160-180 сомониден ($17-19) сатылып жатыр. Қыркүйек айында бірінші сортты ұн 148 сомони тұрған.

Ал бұл күндері Қазақстанда жиналған астықты шикідей экспорттаудан бас тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Қазақстандық БАҚ бірер күн бұрын Қарағанды облысы ұн шығарушылар қауымдастығы басшысының "Қазақстанда ұн шығаруды төрт есеге көбейтуге мүмкіндік бар. Елдегі барлық астықты өзіміз өндіре аламыз" деген сөздерін жариялаған.

Тәжікстан билігі болса, елде ұн сұранысын отандық өніммен толық қамтамасыз ете аламыз деп отыр.

"The Qazaq Times"