Трамп үкіметі жақында АҚШ-тың жаңа Африка стратегиясын жария етпек. Құрама Штаттың Африка істері жөніндегі  өкілі бұл жайлы: «Жаңа Африка стратегиясы арқылы өңірдегі халықты жұмыспен қамтуды жоғарлатып, инвестиция салуға мүмкіндіктер жаратамыз.  Бұл стратегияның Африканың жедел дамуына Қытайдан көрі көбірек үлес қосатынына сенімдіміз», – деген.

Мемлекеттік департаментке қарасты Африка істері жөніндегі хатшының көмекшісі  Тибор Нэги (Tibor Nagy) VOA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Президент Трампқа дейін Құрама Штат Африкадағы соғысыты тоқтату, адам құқықтарын қорғау, жалпы жағыдайды орнықты ұстау жұмыстарына баса мән беріп келді. Тек осы айтылғандар толығымен жүзеге асқаннан кейін ғана экономиканы жебеуді қолға алған.  Ал, жаңа стратегия бұдан өзгеше.  Трамп үкіметінің басты мақсаты сырттан келіп инвестиция салуға толықтай жағыдай жасау болып белгіленген, осы арқылы қаржыгерлерді Африка құрлығына тартуды көздейді», – дейді.

2015 жылы Қытай үкіметі Африкаға 60 млрд АҚШ доллар көлемінде көмек қаржысы мен инвестиция салатынын мәлімдеген. Ал қыркүйекте өткен «Қытай-Африка форумында» Қытай билігі бұл қаражатқа тағы  60 млрд доллар қосқанын мәлімдеген.

Тибор Наги АҚШ пен Қытайдың Африка стратегиясының басты айырмашылығын да атап көрсетті. Айталық, ол Қытай үкіметі Африкаға тек қаржылай көмек жасаумен ғана шектелгенін, ал, АҚШ-тың жаңа стратегиясы африкалықтарды жұмыспен қамту, сол арқылы экономикалық көрсеткіштерінің жоғарлатуға негізделген.

АҚШ вице-президент Майк Пенс қазанның бас шенінде жасаған мәлімдемесінде: «Қытайдың кедей елдерге арналған инфрақұрылымдық несиелерінің өсімдері анық көрсетілмеген. Қалай болса да Бейжіңнің табатын табысы басымырақ», – деп көрсеткен болатын. Сонымен қатар мемлекеттік хатшы Помпео бұл инфрақұрылмдар уақыт өте келе өңірдің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін екенін айтқан.

Бейжің 22 қазан күнгі мәлімдемесінде, АҚШ лауазымдыларының бұл сөзіне жауап беріп: Аталған жоба «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы аясында тараптарға ортақ пайдалы етіп жобаланған.  Құрама Штаттың бұл айыптауларына еш негіз жоқ. Әрі бұл жала жабу мен арандатушылық болып саналады», – деп бағалаған.

“The Qazaq Times”