Ресей президенті Владимир Путин ядролық соғысқа қатысты пікір болдірді.
"Россия-24" телеарнасының мәліметінше, Владимир Путин Сочи қаласында өткен «Валдай» пікірталас клубының отырысында ядролық соғысқа қатысты пікір білдірген.
Ол онда: «Біздің ядролық қаруды пайдалануымызда бірінші болып соққы жасау концепциясы жоқ. Егер қандай да бір арандатушы Ресейге ядролық шабуыл жасайтын болса, біз оған міндетті түрде жауап береміз. Арандатушы өзінің жазасыз қалмайтынын, көзінің жойылатынын білуі тиіс. Біз арандатушының құрбаны ретінде жұмаққа барамыз. Ал олар өледі» - деп мәлімдеді.
Айта кететін бір жайт, Ресей Федерациясының әскери доктринасының 24 бөлімінде: «Ресей өзіне және одақтастарына қарсы ядролық қару қолданған арандатуша елге дәл солай жауап беруге және Ресейдің мемлекеттігіне қауіп төндіретін кез келген жағдайда ядролық қару қолдануға құқылы» делінген.