Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға 1,8 триллион теңге қарастырылған. Бұл туралы Қаржы министрі Әлихан Смайылов хабарлады.
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Смайылов: «Үш жылдық кезеңде мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру үшін 1,8 триллион теңге, оның ішінде Үкімет тарапынан 1,28 триллион теңге қарастырылды. Республикалық бюджеттен келесі үш жыл ішінде 966 миллиард теңге бөлінеді. Қосымша шаралар қабылдауды ескере отырып, ел бойынша орташа жалақы барлық салада 9,1 пайызға өседі. Халық табысының артуы, яғни инфляцияны шегергенде, жыл ішінде 4,6 пайызды құрайды», – деп сендірді. Министрдің айтуынша, ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруға үш жылға 288 миллиард теңге бөлінеді, оның 85,8 миллиард теңге қызметкерлердің жалақысын арттыруға арналған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел