Ирак әскері әл-Анбар облысының батысында Әбу Бакр әл-Бағдади бастаған ДАИШ жетекшілерінің отырысына бомбалармен шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирак әскерінің ақпараттық штабы дүйсенбі күнгі бір мәлімдемеде: "Абу Бакр әл-Бағдади мен осы топтың кейбір жетекшілерін алып кетіп бара жатқан бір керуеннің Сириядан Иракқа кірген жерінде барлау жұмыстары жасалғаннан кейін ирактық ұшқыштар әл-Анбар облысының батысындағы әл-Ғаем ауданында ДАИШ-тің басты жетекшілерінің отырысын бомбалады" деді. Бұл туралы ParsToday хабарлады.
Ирак әскерінің ақпараттық штабы осы әуе шабуылдарында Сириядан Иракқа келген 13 жетекші мен 24 жанкештінің мерт болғанын мәлімдеді.
Мәлімдемеде Абу Бакр Әл-Бағдадидің тағдыры туралы ешнәрсе айтылмаған.
Келесі бір хабарға сәйкес, Қазақстанның бас қаласында өтетін Сирияның бейбітшілік келіссөздері қарсаңында Сирияның ресми ақпараттық агенттігі дүйсенбі күні Сирия үкіметінің қарулы қарсыластардың кепілдікке алған адамдарды босатуының есесіне кейбір тұтқындарды азат етуге әзірлігін мәлімдеді.
Бес күн бұрын Сирия басшылары басым бөлігін әйелдер, соның ішінде 8 бала болған 55 тұтқынды Латакия қаласында 2013 жылдан бері қарулы қарсыластардың құрсауында болған 57 бейбіт тұрғынның, соның ішінде, 19 баланың босатылуының орнына азат етті.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер