Қазақстан бітімгерлері Ливанға аттанатын болды.
Бүгін Парламент мәжілісі қазақстандық бітімгерлерді Ливан аумағына жіберу жөніндегі меморандумды мақұлдады. Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровтың сөзінше, меморандумның басты мақсаты Қазақстан қарулы күштерінің «Ливан аумағындағы БҰҰ-ның бітімгер күштері» миссиясының құрамында болып, арнайы құқықтық мәртебе алу.
Қазаргі уақытта Ливан аумағында Қазақстаннан бөлек 41 мемлекеттің бітімгер әскері бар. Олардың барлығының басты міндеті аймақтағы тыныштықты сақтау және конституциялық билікті қорғау. Келісім бойынша, Қазақстаннан Ливан аумағына 120 сарбаз аттанады деп күтілуде. Олар Ливан аумағында 6 ай болады.