Түркия мен Ресей арасындағы келісім аяқталды. Бұдан ары не болмақ?

Қазан айының 15-і күні ресми Анкара мен Мәскеудің Сүрия мәселесіне қатысты келісімі аяқталды. Құжат бойынша, Түркия келісім аяқталғаннан кейін Сүрияның Идлиб аумағынан өз әскерін шығарып, оппозициялық топтар мен террорлық ұйым мүшелерін екіге бөліп қарусыздандыруы тиіс болған.

Қазіргі таңда ресми Анкара келісімнің бірінші бөлімін орындаған. Атап айтқанда Түркия билігі Идлибтегі әскерінің басым көпшілігін елге қайтарған. Бірақ келісімнің екінші бөлімі әлі орындалған жоқ. Амақтағы террорлық ұйымдар мен оппозициялық топтар қаруларын тастап, бейбіт келіссөздер жүргізуден бас тартуда.

Халықаралық сарапшылар пікірінше, Анкара мен Мәскеу арасындағы уақытша келісімнің арты саяси қақтығысқа ұласуы мүмкін. Себебі Башар Асад режимі Идлибтегі келісімдердің толыққанды орындалмауын сылтауратып одақтасы Ресейді Түркияға қарсы қоюы мүмкін.

Жалпы, Идлиб аумағындағы террорлық ұйымдар мен оппозициялық топтардың әлсіреуіне Сауд Арабиясы сияқты аймақтық державалар да мүдделі емес. Себебі Эр-Рияд аймақтағы қарулы топтарды астыртын қолдауда.

"The Qazaq Times"