Өзбекстанның ең қаласында - Ферғана мен Жизақта жиырма күн бұрын бағдаршамдарда қызылға оңға бұрылуға рұқсат беретін жазу пайда болды. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазады.
Жол ережесіндегі бұл тәжірибе жақында Ташкентке де жетеді. Мұндай өзгеріс жол айрықтарында көлік кептелісінен арылу үшін қолданылып отыр.
"Қызылға оңға бұрылу" ережесі әлемнің көптеген елдерінде бар.
"Осы тізімге Өзбекстан да енуі мүмкін. Бірақ бұл тәжірибенің сәтті өтуі көлік жүргізушілеріне де байланысты. Жол жүру мәдениетінің жоғарылығын көлік жүргізушілері дәлелдеуі тиіс", - деді ІІМ баспасөз қызметінің инспекторы Акмал Жүнісов.
Өзбекстан жол жүру ережесі бойынша, бағдаршамда қызыл жанып тұрғанда ешқайда бұрылуға болмайды. Көлік жүргізушілері жасыл түс жанғанша көлікті тоқтата тұруы керек. Соның кесірінен Ташкент секілді ірі қалалардың көшелерінде көлік кептелісі пайда болады, деп есептейді көлік жүргізушілері.
“The Qazaq Times”