Еуроодақ елдерінің Сыртқы істер министрлігі химиялық қаруды жасауға және қолдануға қатысы мемлекеттерге қарсы санкцияларды енгізудің жаңа режимін мақұлдады. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
«Енді ЕО химиялық қаруды әзірлеуге және қолдануға қатысы бар тұлғалар мен ұйымдарға қатысты олардың саяси бағыты мен орналасқан жеріне қарамастан жаңа санкциялар енгізетін болады», – делінген ЕО Кеңесінің мәлімдемесінде.
Солсбериде экс-тыңшы Сергей Скрипальдың улануы мен Сүрия химиялық қару қолданғаннан кейін Ұлыбритания мен Франция санкциялардың жаңа режимін енгізуді ұсынған болатын. Ал бірыңғай санкцияларды әзірлеу шешімі осы жылдың маусым айында ЕО саммитінде қабылданған. Бұл санкциялар химиялық қаруды қолдануға қатысы бар мемлекет немесе адамдардың ЕО-ға кіруіне тыйым салып, жеке және заңды тұлғалардың активтерін бұғаттайды. Ұсынысқа сәйкес шектеу шаралары химиялық қаруды жасау мен қолдануға тікелей жауапты адамдарға да, оларға қаржылық және техникалық қолдау көрсететін адамдарға да қатысты болады. Сондай-ақ мәлімдемеде: «Бұл шешім химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияда көзделгендей, әлемнің әр түрлі бөліктерінде аса қауіпті шабуылдар санының артуына байланысты химиялық қаруға жаһандық тыйым салуды қолдайды», – делінген.
«Telegraph» газетінде аталған санкцияларға іліккен мемлекет пен адамдардың қатарында Ресейдің болуы мүмкін екенін жазылған. Себебі Уашингтон мнен Лондон Ресейдің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальге «Ресей барлау қызметінің агенттері «Новичок» химиялық уын қолданғандығын» айтты. Осыған дейін Ұлыбритания ОЗХО-ны реформалау бастамасын көтерген. Өкілеттікті жүзеге асыру үшін үшін 82 ел дауыс берді. Ал 24 мемлекет қарсылық білдірді. Олардың қатарында, ең алдымен Ресей, Сүрия және Иран бар.
Айта кетейік, 2018 жылдың тамыз айының соңында Скрипальдың улануына байланысты АҚШ Ресейге қарсы санкциялар енгізген болатын. қатаң қаулы бойынша Ресейге қорғаныс секторы үшін тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ химиялық қаруды өндіру үшін пайдаланылатын техникалар мен тауарларды жеткізуге тыйым салынды. Уашингтон тарапы Мәскеу химиялық қаруды өндірмейтініне және пайдаланбайтынына кепілдік бермей, әдеттегідей астыртын әрекеттерге барса, санкциялардың екінші пакетін қолданатын боламыз ескертті.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді