Иран үкіметі АҚШ санкциясына илікпейтінін мәлімдеді. Елдің бірінші вице-президенті Эсхак Жаһангеридің хабарлауынша, Иран мұнайын сатып алушы жаңа серіктестер тапқан. Бұл туралы «ISNA» хабарлады.
Жаһангердің айтуынша, бұған дейін Иран мұнайын тұтына алмаған көптеген елдер, бүгінде Иран мұнайын сатып алудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырып отыр. Тіпті, Теһран (Тегеран) жаңа серіктестерімен бірқатар келісімдерге де келіп үлгерген.
Естеріңізге сала кетейік, сәл ертеректе Үндістанның мұнай басшысы Дхармендра Прадхан АҚШ-тың салынуы мүмкін санкцияларына қарамастан, Иранның шикі мұнайын сатып алуды жалғастыра беретіндіктерін мәлімдеген болатын. Осылайша, Иран елі өздеріне жаңа серіктестер табуды басты жоспарға қойып отыр.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес