Әлемдегі ең жылдам, техникалық мүмкіндіктері мен жауынгерлік қабілеттері ең жоғары соғыс ұшағы болып саналатын F-35 санаулы елерінде ғана бар. Алайда, жақында ғана АҚШ пен оның одақтастары зерттеп жасаған ұшақтың барлық елдердегі ұшуын тоқтатты. Бұған Оңтүстік Каролина штатындағы сынақ кезінде F-35В ұшағының құлауы себеп болды.
Қарулы күштер өз мәлімдемесінде, барлық F-35 ұшақтары техникалық тексерістен өткізіліп жатқаны айтылған. Мәліметтерге қарағанда, жанармай жеткізу, жағу құрылғыларындағы ақау тексерістен өтуде.
Аталған супер ұшақтың бірқатар техникалық кемшіліктері бар екендігі жайында осыған дейін де талай рет хабарлар тараған. АҚШ-та бірнеше реткі сынақ кезінде ұшқыш кабинасына оттегі жетіспеу салдарынан апатты жағдайлар орын алған болатын.
28 қыркүйекте құлаған F-35 ұшағының апат себебін тексеру қорытындысы жариялана салысымен осы түрдегі барлық ұшақтар ұшуын тоқтатты. Дегенмен, жанармай құрылғысындағы ақау барлық ұшақтарға тән емес. Бір бөлім F-35 ұшақтары ақауы бар жағармай жеткізу түтіктері орнатылған. Алдағы уақытта ақауы бар түтік орнатылған ұшақтар техникалық жөндеуден өткізіледі. Ал, өзгесі ұшуға беріледі.
Америкалық әскери өндірістің өнімі саналатын F-35 ұшақтарына ресейлік СУ-35 ұшақтарынан жоғары соғыс ұшақтары ғана теңдесе алады. Дегенмен, Ресей Т-50 ұшақтарын әлемдегі ең озық соғыскер деп мақтан етеді. Алайда, F-35-тың көптеген қабілеттері Т-50 ұшағында кездесе бермейді. Айталық, F-35 ұшағының кейбір түрлері тікұшаққа ұқсас орнынан тік көтеріле ұшып, тігінен қона алады. Бұл әсіресе теңіз күштерінің қабілетін арттырады. Себебі, тік ұшып-қона алатын соғыс ұшағы соғыс кемелерінің кез келгенінен сенімді серік бола алады.