Қазақстан мен Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз МС-10» кемесінің апатқа ұшырауына байланысты бірлескен үкімет комиссиясын құратын болды. Бұл туралы ҚР ІІМ қарасты төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді.
«Қазақстан мен Ресейдің тиісті органдарынан жасақталған арнайы комиссия құрылатын болады. Оқиға толыққанды тексеріледі. Біз ақпараттармен міндетті түрде бөлісетін боламыз» - деді Байқоңырда болған апатқа байланысты өткен арнайы брифингте ведомства басшысы.
Естеріңізге салайық, 11 қазан күні сағат 14:40-та Байқоңыр ғарыш айлағынан бортында «Союз МС-10» кемесі бар «Союз ФГ» зымыраны ұшырылған. Бірақ зымыран әуеге көтерілген бетте апатқа ұшырап, экипаж мүшелері жерге қонуға мәжбүр болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?