Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, арнайы қызмет пен полиция «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни экстремистік ұйымының елдегі ошақтарын анықтау мақсатында 21 желтоқсанда бастаған операциясын аяқтады.
Діни араздық туғызды және тыйым салынған ұйымға мүше болды деген күдікпен барлығы 33 адам ұсталды. Солардың жетеуі "Ат-Такфир уаль-Хиджра" ұйымының жергілікті ошақтарына "жетекшілік етті және белсенді мүшелері" болды деген күдікпен қамауға алынды, біреуі ешқайда кетпеу туралы қолхат тапсырды.
Сегіз күдіктіге шақырған уақытта міндетті түрде келу жөнінде шара қолданды. "Ұйымның қатардағы 17 мүшесі" куәгер ретінде тартылды, делінген ҰҚК хабарламасында.
Комитет мәліметі бойынша, "Ат-Такфир уаль-Хиджра" жақтастары тұрып жатқан мекендерді тінту кезінде діни материалдар, дискілер, компьютерлік техника және ірі көлемдегі ақша тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
centralasian.org


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?