Қытайда Интерпол басшысы жоғалып кетті – деп хабарлайды «The Independet» басылымы.
«The Independet» мәліметінше, 64 жастағы Интерпол басшысы Мэн Хунвэй 29 қыркүйек күні Қытайға іссапармен кеткен және сол уақыттан бері байланысқа шықпаған.
Францияның Леон қаласында тұратын Хунвэй 2016 жылы Итерпол басшысы болып тағайындалған. Қазіргі таңда Франция құзырлы органдары «адам жоғалу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
"Le Monde" басылымының дереккөздеріне сенсек, Хунвэй жоғалып кеткен жоқ. Оны Қытай билігі қамауда ұстап отыр. Себебі қазіргі уақытта Қытайдың жоғары басқарушы билік элитасында билікті бөліске салу жүріп жатыр.
Франция басылымының бұл ақпаратын Гонконгтың "South China Morning Post" газетіде растайды. Олардың пікірінше, Мэн Хунвэй Қытайда тергеуге алынып, Қытай арнайы қызметінің абақтысында отыруы мүмкін. Сол себептіде ол осы уақытқа дейін байланысқа шықпауда.
Мэн Хунвэй бұған дейін Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары болған. Оның Итерполдағы қызметі 2020 жылы аяқталады.