Оңтүстік Кореяның экс-президенті Ли Мен Бак 15 жылға сотталды. Оған сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Ли Мен Бак 2008-2013 жылдары Оңтүстік Корея президенті лауазымын атқарды. Осыған дейін ол Samsung компаниясынан пара алды деген күдікке ілінген. Бұл жолғы жаза бұрынғыдан ауыр. Прокуратура экс-президентті 20 жылға соттау керектігін айтқан және 11,5 млн доллар айппұл салды.
Еске сала кетейік, былтыр Оңтүстік Кореяның тағы бір экс-президенті Пак Кын Хе билікті теріс мақсатта пайдаланды және компаниялардан қаржы жымқырды деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы