Америкалық басылымдардың хабарына қарағанда, Түркия үкіметі террорлық топтың жетекшісі деп танитын Фетхуллах Гүленнің АҚШ-тағы тұрғын үйіне қарулы күдікті басып кіруге әрекеттенген. Алайда, күдікті күзет қызметкерлерінің тосқауылына ұшыраған. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі хабарлады.
Фетхуллах Гүленнің ресми өкілінің бірі, күзетшілердің ескерту оғынан кейін, қарулы күдіктінің қашып кеткенін айтқан. Пенсильвания полициясының күдіктіні іздестіру әрекеті сәтсіз аяқталған. Дегенмен, полиция тарабы тексеруді жалғастыруда.
Гүленнің жақтастары бұл әрекеттің артында Түркия үкіметінің тұрғанына сенімді екендіктерін жеткізіп, мәлімдеме жасады. Олар және Түркия президенті Ердрғанның ресми мәлімдемешісі Гүленді елге қайтару операциясын жүзеге асыратындарын айтып сес көрсеткенін алға тартты.
1999 жылы Құрама Штатқа қоныс аударудан бұрын Фетхуллах Гүлен қазіргі түрік билігінің одақтасы болған. Кейін түрік үкіметі жағынан оған түрік секуляризмін бұзуға тырысты деген айып тағылған болатын. Ал, Гүлен болса Ердоған үкіметін жемқорлықпен айыптайды.
Ердоған билігі Фетхуллах Гүленнің 2016 жылғы төңкеріске қатысы бар деп қарайды. Сондай-ақ, оны террорист ретінде Түркияға қайтарып беруді Құрама Штаттан талап етіп келеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді