Иран әуе күштері сәрсенбі күні мәлімдеме жасап, Иран армиясының Сүрия жерінде жасаған әскери операциясынан ДАИШ ұйымының 40 қолбасшысы өлгенін, соның ішінде ұйымның Мосулдағы жоғары қолбасшысы да қаза тапқанын айтты. Бұл туралы сол елдің IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы Әуе күштерінің бас қолбасшысы Амирали Хаджизаде . Фото: IRNA.
Аталған мәлімдемені Ислам революциясының Сақшылар корпусы Әуе күштерінің бас қолбасшысы Амирали Хаджизаде жасады. Ол сөзінде: «Евфраттың шығысындағы Абу-Кемалға жасалған зымыран шабуылдар кезіндегі бейне жазбалар барлық зымырандардың нысанаға тигенін дәлелдеді. Бұл реткі операцияға алғаш рет толықтай ұшқышсыз ұшу құрылғысы арқылы жүзеге асырылды», – деді.
Амирали Хаджизаденің мәліметіне қарағанда, шабуыл нысанасына жақын маңда АҚШ базалары болған. Алайда, Иран зымырандары коалиция күштеріне зиян келтірмеген. Оның айтуынша, бұл да Иран әуе күштерінің кезекті операциясының дәлдігі мен жоғары деңгейін көрсетеді екен.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді