Оңтүстік-Қытай теңізінде АҚШ пен Қытай әскери кемелері соқтығысып қала жаздады.
CNN телеарнасына сұхбат берген АҚШ Тынық мұхит флотының ресми өкілі Чарльз Браун: «Оңтүстік-Қытай теңізінде Қытайдың «Luyang» әскери кемесі шұғыл қимыл жасап, АҚШ-тың «USS Decatur» мина тасымалдағыш кемесі ашық соқтығыстың алдын алу үшін кері бұрылуға мәжбүр болды. Бұдан бөлек Қытай сүңгуір қайықтары АҚШ кемелеріне 40 метр қашықтыққа дейін жақындады» - деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, бұған дейін ресми Бейжің Уашингтонмен қауіпсіздік жөніндегі жоғары лауазымды келіссөздер өткізуден бас тартқан. Осыдан кейін БАҚ беттерінде «АҚШ Қытайға қарсы үлкен масштабтағы операция бастамақ» деген ақпарат тараған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?