Қырымда Ресейдің ядролық қаруы болуы мүмкін – деп хабарлайды «ATR» телеарнасы.
Қырым мәселесіне байланысты мәлімдеме жасаған Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин: «Қазір Қырым Ресейдің алып әскери базасына айналды. Қазір біздің Қырым аумағында Ресейдің ядролық қаруы немесе соған арналған инфроқұрылым бар деп айтуға толықтай негізіміз бар. Қазіргі таңда Сүрияға жеткізіліп жатқан қару-жарақтар мен әскери техникалар дәл осы Қырым арқылы өтуде. Біз алдағы уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясына Қырымды милитаризациялау жөнінінде арнауы қаулы шығару жөнінде ұсыныс жасайтын боламыз» - деген.