Франция президенті Эммануэль Макрон Индонезияға орасан зор табиғат апаттан келген зақымның орнын толтыруға көмектеспек. Бұл туралы Le Figarо хабарлады.
Франция тарапы жер сілкінісі мен цунами салдарынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Макрон дәрі-дәрмек тасымалдап, зардап шеккен индонезиялықтарға материалдық көмек көрсетеміз деді.
Индонезия Республикасының президенті Джоко Видодоның мәліметінше, Сулавеси аймағындағы қатты жапа шеккен Пару қаласында мыңға жуық адам қаза тауып, 16 мың отбасы басқа қалаға қоныс аударуға мәжбүр болған. Жарақаттанғандар саны артып, мыңдаған тұрғын үйлер мен сауда орталықтары қираған. 7,4 баллдық алапат жер сілкінісінен кейін жанармай, су тасымалдау қиынға соғып отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы