Нобель сыйлығының медицина саласындағы жүлдесі Джеймс Эллисон мен Тасуку Хондзеге тапсырылды, - деп хабарлайды yeniakit.com.tr Нобель сыйлығы комитетінің Твиттердегі хабарламасына сілтеме жасап.

Ғалымдарға Нобель жүлдесі онкологиялық ауруларды емдеу терапиясының жаңа түрін ашқандары үшін тапсырылған. Олар ауруды иммун жүйесінің қабілетін қауіпті ісік клеткаларына шабуылдауға бейімдеу жолымен емдеуді ұсынған. Емшара тиімді болып шыққан.  Нобель сыйлығын тапсыру барысында физика, химия, экономика, сонымен қатар бейбітшілік жүлдегерлері де аталды. Ал, әдебиет саласындағы Нобель жүлдегеріне биыл сыйлық табысталмайды. Жүлдегерлерге сыйлықты табыстау үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында өткізіледі.

“The Qazaq Times”