ИИР-ның (Иран Ислам Республикасы) Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф егер Еуропа одағының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін ұсынған механизмі пайдаға аспаса, Иранның аталған келісімшарттан шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы lanouvellerepublique.fr хабарлайды. 

М.Д.Зариф сенбі күні ИИР-ның Нью-Йорктегі өкілдігінде тілшілердің сұрағына жауап бере келе, Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымына тоқталып: «Егер еуропалықтар аталған бағдарламаның одан әргі имплементациясына кепіл болатындай тиімді механизмды жүзеге асыра алмаса, онда Иран келісімшарттан шығады», - деді.

Еске салайық, АҚШ осы аталған келісімшарттан біржақты шешіммен шыққаннан кейін Еуропа елдері оған Иранмен арадағы сауда келісімшартының төлемдерін жеңілдететін қаржы тәсімін ұсынған еді. Осы арқылы ең алдымен, еуропалық кәсіпорындардың Иранмен өзара сауда-экономикалық әрекеттерін жалғастыруларына мүмкіндік беруді көздеген еді. Сонымен қатар, Иран СІМ басшысы Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламадан шығуы Иранға жасалатын әскери шабуылға жол ашуы мүмкін бе деген сұраққа: «Егер америкалықтар Иранға шабуыл жасағаннан бірдеңе ұтамыз деп ойласа, бақтарын сынап көрсін», - деп жауап берген.  АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық бағдарламасынан («Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы) шығатынын жариялағаннан кейін Иранға қысымын күшейтіп, өзге елдерді ирандық мұнайды сатып алмауға шақырған еді. Алайда, ЕО елдері  Иранның аталған бағдарламаның шарттарын жүзеге асырып отырғандығын айтып, керісінше оған салынған санкцияларды жеңілдетуді талап еткен болатын. Сонымен қатар, Зариф айтқан механизм туралы айта кетер болсақ, өткен аптада Иранның ядролық мәселесіне қатысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы»  келісімшартына қол қоюшы елдер АҚШ-тың одан шығуына байланысты Иран экспортының төлемдерін жеңілдету үшін жаңа механизм құру ниетінде екенін жариялаған еді. 

“The Qazaq Times”