Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудің БҰҰ БА-ның 73-сессиясында Иранның жасырын атом қоймасы бар екендігіне қатысты жасаған мәлімдемесі халықаралық дауға айналуда. Бұл туралы франциялық 20minutes.fr хабарлайды.
Енді, АҚШ президенті Дональд Трамп АЭХА-ны (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) Нетаньяхудың осы мәлімдемесіне қатысты жедел тексеріс жасауға шақыруда.
«Ортақ қауіпсіздігіміз үшін Иранның атом нысандары бар ма, жоқ па тексеру керек», - делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде. Еске салайық, осыған дейін премьер-министр Нетаньяху Израильдің қолында Иранның жасырын қоймасын әшкерелеу үшін жеткілікті ақпараттың бар екенін айтқанын жазған едік. Теһран басшылығы да өз кезегінде Израильдің ядролық қару-жарақ бағдарламасын мойындауға шақырған болатын. Енді, егер АХЭА осы мәселеге қатысты тексерісті бастаған жағдайда, Нетаньяху Иранды әшкере етуге жеткілікті екенін айтқан ақпараттарды халықаралық агенттікке беруге міндеттелмек.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы