Әзірбайжан мен Армения СІМ басшылары Эльмар Мамдъяров пен Зограб Мнацаканян Таулы Қарабах мәселесін реттеуге қатысты келіссөздерді келесі айда жалғастырмақ. Бұл туралы Әзірбайжан СІМ-нің баспасөз қызметі БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында екі елдің СІМ басшылары арасында өткен кездесудің қорытындысы бойынша хабарлады.

«Кездесу үш сағатқа созылды. Таулы Қарабах мәселесінде бір шешімге келуге, аймақта бейбітшілік орнатуға бағытталған маңызды пікірлер алмасты. Біз осы келіссөздерді келесі айда жалғастыруға келістік», - деген Әзірбайжан СІМ басшысы Эльмара Мамедъяров.

Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабах мәселесіне қатысты дау 1988 жылдың ақпан айында Таулы Қарабах автономия аумағы Әзірбайжан құрамынан шығатыны туралы мәлімдеген кезде басталды. 1992-1993 жылдардағы қарулы қақтығыс кезінде Әзірбайжан Таулы Қарабах пен оған қарасты жеті ауданнан айырылды. 1992 жылдан бастап ОБСЕ-нің Минск тобының аясында осы дауды бейбіт жолмен реттеуге қатысты келіссөздер жүргізіліп келеді. Екі ел ара-қатынасын шиеленісті жағдайға жеткізген мәселенің реттеуге Ресей, АҚШ және Франция елдері де атсалысып келгенмен, аталған аймаққа қатысты даудың ендігі барысы қазан айында белгілі болмақ.

“The Qazaq Times”