Қарусыздандырылған аймақ құру туралы Ресеймен жасалған келісімшартқа қол қойылғаннан кейін алғаш рет Түркия бүгін өзінің арнайы күштерін Идлибке жіберді, - деп хабарлайды yeniakit.com.tr.
Түрік армиясы Түркияның Тунджели қаласындағы коммандос күштерін кедендік бақылау нысанының бақылауын арттыру үшін Идлибке жіберді. Бұл — өткен аптада ғана аймақты қарусыздандыру және Идлибтегі террорлық топты ауыр және жартылай ауыр қарулардан айыруға байланысты Түркия мен Ресей арасында жасалған келісімшарттардан соң жасалған алғашқы қадам болып саналады.
Енді, екі ел арасындағы келісімшартқа сәйкес, осы жылдың 10 қазанына дейін қақтығыс алаңынан барлық ауыр қару түгелге жуық шығарылып бітуі тиіс. Ал, 15 қазанға дейін радикалды топтардың бәрі Идлибтен 15-20 шақырымға дейін алыстатылуы керек. Одан соң, түрік және орыс әскерилері тараптар арасында қақтығыстық жағдай туындатпау және келісімшартты сақтау мақсатында аталған аймақты патрульдейтін болады. Егер, Түркия тарапы қарусыздандырылған аймақтағы өзіне жүктелген міндетті орындаған жағдайда, қарусыздандыру режимі осы жылдың соңына, яғни 15 желтоқсанға дейін жалғаспақ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы