АҚШ президенті Дональд Трамп: «2003 жылы Иракқа әскер кіргізу АҚШ тарихындағы ең үлкен қателік» - деп мәлімдеді.

Қыркүйек айының 19-ы күні Дональд Трамп «Hill TV» арнасына сұхбат берді. Онда ол: «АҚШ тарихындағы ең басты қателік 2003 жылы Кіші Джордж Буштың Таяу Шығысқа әскер кіргізуі болды. Америка Таяу Шығықа 7 триллион доллар қаржы жұмсады. Осы уақытқа дейін соғыстан миллиондаған адам көз жұмды. Бұл үлкен қателік» - деп мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, АҚШ Таяу Шығысқа өз әскерлерін 2001 жылы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін кіргізген. 11 қыркүйек күні Нью-Йорк қаласында болған террорлық шабуыл кезінде 3 мыңға жуық адам көз жұмған. Кейіннен лакестік шабуылды «Әл-Кайда» террорлық ұйымы өз мойынына алған.

"The Qazaq Times"