CBS телеарнасы АҚШ-тағы Флоренс дауылының құрбандарының саны 18 адамға жеткенін хабарлады. Сонымен қатар, қазірдің өзінде аталған табиғат апатының салдарынан 740 мың үй мен кәсіпорын жарықсыз қалған. Жұма, 14 қыркүйекте Флоренс Солтүстік Каролина жағалауына жетіп, салдарынан қатты жел мен нөсер жауын жауған болатын.
Бұдан бұрын, «Флориданың» құрбаны 11 адамға жеткенде АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Каролинада төтенше жағдай жариялаған еді. Сонымен қатар, Америка билігі АҚШ-тың шығыс жағалауындағы жағдай нөсер жауынның кесірінен нашарлауы мүмкін екенін ескерткен.
Қазіргі таңда желдің жылдамдығы сағатына 45 миль (72 шақырым/сағат) дейін төмендеген. Алайда, Солтүстік Каролинаға әлі де болса су тасқыны қаупі басым. Осы маңдағы 22 мыңнан астам адам 150 уақытша баспанаға орналастырылған.
Америкалық ғалымдар осы апатты оқиға адам қолымен істелді деген тұжырым жасап отыр. Олар «Флоренс» дауылы атмосфераға парниктік газдардың таратылуы салдарынан өзгерген климаттың әсері деп санайды.