Буэнос-Айресте он мыңнан астам адам наразылық акциясын өткізді. Халық ел президенті Маурисио Макри мен Халықаралық валюта қорына қарсы шеру ұйымдастырған. Бұл жайлы telegraf.com хабарлайды.
Наразы топтар валюта қорының бюджетті үнемдеу туралы шешімдері биліктегі жемқорлықтың артуына сеп болады дейді. Сонымен қатар, «Макри үкіметінің мемлекетке салғырт қарауының кесірінен аргентиналықтардың хал-ахуалы нашарлап кеткен». Ал үкіметтің сөзінше, аталған жоспар бюджет дефицитінің көлемін азайтып, инфляциядан шығуға көмектеседі. Бірақ, билікке қарсы ұйымдастырылған шеруден нәтиже болмайынша, халық шеруді тоқтатпайтынын айтты.
Биыл мемлекетте инфляцияның күрт артуы ұлттық валютаның құнсыздануына әкеп соқты. Мұның арты дефолтқа ұласса, экономикалық құлдырау басталады. Қазірдің өзінде инфляция деңгейі 30%-дан асқан. Сол себепті маусымда Аргентина билігі қаржылық дағдарыспен күресіп, инвесторларды тарту мақсатында Халықаралық валюта қорынан 50 миллиард доллар көлемінде несие алу туралы келісімге қол қойған болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді