АҚШ президенті Дональд Трамп 2016 жылғы америкалық сайлауға араласқан жеке адамдар мен компанияларға қарсы санкция енгізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Жон Болтонға сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады.
Санкциялар АҚШ-тың барлау қызметтері берілген мәліметтер негізінде елдің Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік департамент тарабынан енгізіледі. Санкциялық тізімге енген заңдық және жеке азаматтардың америкалық есеп-шоттары бұғатталады. Мұнан бөлек қаржы мекемелерінің АҚШ-тағы мүмкіндіктері шектеліп, Америка азаматтарына тізімдегі компанияларға инвестиция салуға тыйым салынады.
Осыған дейін Трамп сайлауға араласқандар туралы шектеулердің өз нұсқасын дайындап жатқан америкалық заң шығарушылардан озып, санкциялар туралы жарлыққа қол қоятынын хабарлаған. Ақ үй Трампты сайлау жүйесіне тиісті көңіл бөлмей жатыр деп сынағандарға осылайша жауап берді.
Уашингтон Мәскеуді 2016 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауына араласты деп айыптайды. Ал ресми Мәскеу болса, бұл айыптауларды теріске шығарады.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды