Уашингтон Теһраннан (Тегераннан) Бағдаттағы елшілік пен Басрадағы консулдыққа қарсы шабуыл жасаушы ирактық наразылық білдірушілерге қолдау көрсетпеуін талап етті. Ирактағы америкалық дипломаттарға жасалған кез келген шабуылға Теһран жауапты, - деп мәлімдеді Ақ үй.
Америка әкімшілігінің мәлімдеуінше, Иран билігі ирактық наразылыққа шығушыларды «қолдағаны үшін» қажетті жазасын алатын болады. Әрі, Теһран осы мәселеге қатысты «қол қусырып отырғаны» үшін ғана емес, ирактық наразылыққа шығушыларды қаржыландырғаны үшін де кінәлі.
«Біріккен Штаттар АҚШ-тың азаматын немесе қандай да бір нысанын зиянға ұшырататын кез келген шабуыл үшін Теһранды жауапкершілікке тартады», - деп хабарлады Ақ үй.
Еске салайық, Басрадағы қарсылық науқандары үстіміздегі жылдың шілде айынан бері жалғасуда. Наразылыққа шығушы ирактықтар 3 қыркүйекте тағы да бас көтеріп, көптеген ғимараттарды қоршауға алып қана қоймай, кейбірін өртеген еді. Шабуыл АҚШ консульдығына ғана емес, Иран консульдығына да жасалған.
Бұл қарсылық акциялары электрэнергиясы мен ауыз судың үзілуіне байланысты басталған болатын. Қарсылыққа шығушылардың шілде айындағы шабуылдары Бағдаттың 17 млн. $ бөлу арқылы осы келеңсіздікті жойып, ирактықтар үшін ондаған мың жұмыс орындарын құрюға берген уәдесінен кейін басылған еді.
Қыркүйек айының басынан бері Басрада орын алған қарсылық акцияларының салдарынан 15 адам қаза тауып, 249 адам зардап шеккен.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?