Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Ресейден көмек сұрады.
РИА Новости ақпарат агенттігінің мәліметінше, 10 қыркүйек күні Ресей Федералды Кеңес төрайымы Валентина Матвиенко КХДР астанасында Ким Жоң Унмен кездескен. Кездесу барысында Солтүстік Корея басшысы АҚШ санкцияларын әлсіретуде Ресейден көмек сұраған.
Валентина Матвиенко кездесуден кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Ол (Ким Жоң Ун - ред) Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы келісім аясында КХДР-ға салынған санкцияларды әлсіретуде Ресейге үлкен сенім артып отыр» - деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Матвиенко «Ким Жоң Ун Ресейге ресми іссапармен келуге дайын» деп мәлімдеген. Бірақ кейіннен іссапардың жақын уақытта жоспарда жоқ екендігі жөнінде ақпарат таратқан.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды