Италия үкіметі босқындар мәселесін реттеу үшін Азия және Африка елдерімен екіжақты келісімшарт дайындауда. Бұл туралы Италия вице-премьері әрі СІМ басшысы Маттео Сальвини 10 қыркүйек күні хабарлады , - деп жазады lemonde.fr.
«Аталған келісімшарт босқындарды көшіру және оларды «отандарына қайтару» мәселелерін реттейтін болады», - деген вице-премьер. Жоғарыда аталған елдер туралы кеңінен айтсақ, олар — Тунис, Сенегал, Пәкістан, Бангладеш, Эритрей, Мали, Гамби, Судан, Нигера и Кот д’Ивуар елдері. Сальвинидің сөзінше, келісімшартқа күз айлары аяқталғанша қол қойылатын болады. «Осылайша, үкімет соңғы 20 жылдан бері жасалмаған нәрсені жасамақ».
Италияның жаңа үкіметі 2018 жылдың маусым айынан бастап өзінің портты қалаларына үкіметтік емес ұйымдарға тиесілі заңсыз босқындар тиелген кемелердің тоқтауына тыйым салып келеді. Жаңа үкіметтің ойынша, босқындарға Еуропада емес «олардың өз үйлерінде» көмектесу керек. Сонымен қатар, босқындарды ЕО елдеріне жеткізу бизнесіне жол бермей әрі оларды қара жұмыс істеп, қолайсыз жағдайда өмір сүрулеріне мәжбүрлемеу керек. Егер, ЕО-ның өзге елдері босқындарды қабылдағылары келсе, онда бұны өздерінің территорияларында істеулері тиіс, - деп санайды жаңа үкімет.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес