Құрама Штат орталық қаласы Уашингтонда орналасқан Палестина ұйымның өкілдігі жабылмақ. Бұл туралы«Associated Press» агенттігі хабарлады. АҚШ Мемлекеттік департаменті аталған өкілдіктің Израильмен екіжақты және нәтижелі келіссөз жасамағанын және алдағы уақытта мақсатты жоспарлардың жүзеге аспайтынын айтқан.

Құрама Штаттарындағы мемлекеттік хатшының қоғамдық дипломатия бойынша орынбасары міндетін атқарушы Хизер Нойерт: «Былтыр қарашада рұқсат мерзім аяқталғаннан кейін Палестинаны азат ету ұйымының өкілдігіне біз көп мүмкіндік бердік. Палестиналықтар мен израильдіктердің татуластық келісім, жан-жақты бітімге келетін іс-қимылдарын реттеуге жағдай жасадық. Бірақ, бұл ұйым Израильмен жүйелі жоспарларды өз уақытында жүзеге асырған жоқ. Олар бейбітшілік орнату мақсатындағы жобаларды сынға алып, керісінше, АҚШ үкіметімен маңызды бітімнен бас тартты. Сондықтан да әкімшілік Палестинаны азат ету ұйымының Уашингтондағы өкілдігін жабу туралы шешім қабылдап отыр. Бұл жерде біз болашаққа жасайтын қадам мен Конгресстің алаңдауын ескеріп отырмыз», – деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Палестина басшылығы Ақ үй басшысы Дональд Трамптың Израиль мен Палестина қарым-қатынасын реттеуге негізделген жоспарын сынаған.

Мемлекеттік департамент «Associated Press» агенттігіне айтқан мәлімдемесінде «әлі де жарияланбаған жоспарды сынағаны үшін» Палестина билігін айыптады.

"The Qazaq Times"