Македонияда референдум қарсаңында елдің атауын өзгерту туралы ресми науқан басталды. AP агенттігінің хабарлауынша, науқанның ресми түрде басталуы саясаткердердің митингтер ұйымдастыра алатынын білдіреді.
Одан бөлек, бұл БАҚ-та жарнамалық науқан бастау құқығын да береді. Сонымен, Македония тұрғындары сайлауға қатысты 30 қыркүйекте біржақты шешімге бара алады.
Осыған дейін де сайтымызда жазғанымыздай, маусым айында Грекия мен Македония Македонияның "Солтүстік Македония" деп өзгертілуі үшін тарихи келісімшартқа қол қойған еді. Осыған байланысты, Афина Македонияның НАТО мен Еуропа Одағына қосылу туралы келіссөздер жасауына мүмкіндік берген еді. Ақыры, 25 шілдеде Македония НАТО-ға кіру туралы келіссөздер бастады. Сонымен, осы аталған Балқан елі Солтүстікатлантикалық Альянстың 30-шы мүшесі болуы мүмкін.
Еске салайық, Югославия құрамынан шығып, 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Македония Грекияның солтүстігінде орналасқан грекиялық аймақтың атауымен бірдей болғандықтан, Грекияның наразылығын оята бастаған еді. Осы дауды ескере отырып, Грекия Македонияның НАТО мен ЕО-ға қосылуын бұғаттап тастаған болатын. Одан бөлек, бұл ел БҰҰ –на «Бұрынғы Югославия Республикасы Македония» деген ресими атаумен кірген.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр