Башқұрт қызы – Әлбина Шәмсетдинованың “Башқұрт ұлына” әні. Башқұрттар – үсерген, байлар, сұраш, маңғауыр, жағалбайлы, тама, бешуыл, кедей, табын, мың, керей, қаңлы, арғын, байұлы тағы да басқа қазаққа ортақ рулардан құралған. Тілі, діні, ділі қазаққа ең жақын халық.
XI-XIII ғ-ларда қазіргі башқұрт жерін мекендеген бесене, Еділ бұлғары мен мадияр тайпаларына қыпшақтардың әсері күшейіп, көне башқұрт этносының қыпшақтану бағытында дамуы арта түсті. Бату шапқыншылығы, башқұрт жеріне Қыпшақ даласынан халықтың көптеп қоныс аударуы башқұрттардың қыпшақтану процесін одан әрі жеделдетті. Қазақ халқының этногенезінде шешуші орын алатын түркі тайпаларының басым көпшілігі башқұрт халқының құрамында да кездеседі.
«The Qazaq Times»