CNN тілшілерінің хабарлауынша, Ресей Сүриядағы америкалық әскерлер орналасқан аудандарға соққы жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Ресей Америка Құрама Штаттарына екі рет ескертіп айтқан.
Мәліметтер бойынша, АҚШ әскерлерінің базасы Хомс провинциясындағы Эт-Таиф ауданында орналасқан. Мәскеу қанша жерден шабуыл жасаса да, америкалық әскерилердің тас-түйін дайын екендігі айтылған. Оның үстіне бұл базада қарулы исламшыл топтар да бар.
Washington Post газетінің осыған дейінгі жазған мақаласында қазіргі уақытта Сүрияда екі мыңнан астам америкалық әскерилер бар екендігі айтылады.
Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның сол аймақтағы дипломатиялық қысымды жалғастыруға және өз әскерін Сүрияда қалдыра беруге келісім бергенін айтты. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі бұған дейін Пентагон Асадқа қарсы операция жүргізуді көздеп, «әдейі арандату әрекетін жоспарлайды» деп мәлімдеген болатын.
Еске сала кетейік, үкімет әскері Идлиб провинциясына шабуылдау туралы айтқаннан соң Сүриядағы жағдай тіптен ушығып кетті. Себебі, Идлиб – Башар Асадқа қарсы қарулы топтар бақылауда ұстайтын ақырғы провинция. Осыдан жарты жыл бұрын Дональд Трамп Сүриядан америкалық әскерилерді қайтару туралы сөз еткен. Ал енді Трамп Сүриядағы барлық ираншыл күштерді, Иран әскерін шығаруды және елде тұрақтылық орнатуды мақсат етеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті