Иранның Сыртқы Істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи Еуропа елдерінің 5-қарашаға дейін «Ортақ қадам: жан-жақты бағдарламалар» деп те аталатын Иранның ядролық келісімшартын сақтап қалу үшін қажетті шараларды қолға алулары керек екенін ескертті. Бұл туралы «evrensel.net» А.Аракчидің Иранның мемлекеттік телеарнасына берген мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
Егер ондай шаралар қабылданбаса, Иран да осы келісімшарттан шығуы мүмкін. Осы жылдың мамыр айында АҚШ құрамынан шыққан келісімшартты сақтап қалу үшін Еуропа елдерінің қараша айының соңына дейін уақыттары бар екенін хабарлаған Аракчи: «Егер, шешім табу тетіктері қолға алынбаса, ядролық келісімшартта қалудың біз үшін еш пайдасы қалмайды», - деген.
Телеарнаға айтқан сөзінде Аракчи ядролық келісімшартты өзі үшін қауіпсіздік ретінде көретін Еуропаның фирмаларды бір шешімге баруға бағыттай алмағанын және осы жағдайдың Иран үшін үлкен қиындық тудырғанын айтты. АҚШ билігі өзге елдердің келісімінсіз ядролық келісімшарттан шыққаннан кейін Иранға бағытталған санкцияларының алғашқы бөлімін өткен айда қолға алған еді. Енді, энергетика саласын да қамтыған санкциялардың екінші бөлімі 5-қарашада басталады деп күтілуде.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы