Ресей АҚШ санкцияларынан қорғайтын жоспар құруда – деп хабарлайды РБК телеарнасы.

РБК мәліметінше, Ресей Қауіпсіздік Кеңесі қыркүйек айының 5-і күні министрліктер мен ведомства басшыларын жинап, АҚШ санкцияларынан қорғану және қарсы шаралар ұйымдастыруға байланысты жоспар құруды тапсырған. Қазірдің өзінде Қаржы министрлігі, Экономиканы дамыту министрі, Орталық Банк аталмыш мәселеге байланысты өз жоспарларын ұсынған. Ұсыныстар арасында халықаралық сауда-саттық келісімдерінде АҚШ құқықтық нормаларын пайдаланбау сияқты бастамалар бар.

Естеріңізге салайық, тамыз айының 27-і күні АҚШ-тың Ресейге салған кезекті санкциясы күшіне енген. Келесі санкциялар тізбегі қараша айында күшіне енуі мүмкін. Ол Ресей тауарларының экспорты мен импортына, мемлекеттік банктеріне, заңды тұлғаларға берілетін несиелерге салынады деп күтілуде.

"The Qazaq Times"