АҚШ президенті Дональд Трамп Сүрияның Идлб дағдарысына байланысты мәлімдеме жасады. Твиттер парақшасы арқылы жасаған мәлімдемесінде Трамп Башар Асад режимі, Ресей және Иранға қатаң ескерту жасады.
Әлеуметтік желі парақшасында АҚШ президенті: «Башар Асад Идлиб қаласына қанды шабуыл жасауға ұрынбауы керек. Ресей мен Иран бұл шабуылға жол беретін болса, бұл – орны толмас үлкен қателік болмақ», – деді. Трамп Идлиб қаласында қақтығыс басталса оның салдарының ауыр болатынын, жүз мыңдаған адамның қаза болуы мүмкін екенін де айтқан.
Идлиб қаласында және оның маңындағы аймақтарда 4 миллионға жуық адам өмір сүреді. Әрі, бұл аймақ Сүриядағы оппозициялық топтардың соңғы тиянағы болып саналады. Еуропа мен Түркия болса Идлибте туылуы мүмкін қақтығыс босқындардың үлкен ағымын қалыптастырады деп алаңдайды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді