Иранның Сыртқы істер министрі Бахрам Гасеми Алдағы уақытта Иран, Ресей және Түркия елдері басшыларының қатысуымен өтетін Сүрия мәселесі бойынша үш жақты саммит осы елдегі «қауіпсіздік, тұрақтылық және бейбітшілікке апаратын қадам болмақ» , - деп мәлімдеді. Бұл туралы "eadaily.com" Иран СІМ-не сілтеме жасап.
Бәрімізге белгілі, аталған саммит 7 қыркүйекте Теһранда (Тегеранда) мемлекет басшылары мен Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен өтеді деп күтілуде.
«Сүриядағы дағдарыс осы кездесуде түбегейлі шешіледі деп күте алмаймыз. Алайда, біз бір мәселеде, яғни саяси мәселеде ымыраға келуіміз мүмкін деп есептейміз», - деді Иранның СІМ Бахрам Гасеми. Осы саммитте Сүрияның Түркияға жақын орналасқан Идлиб қаласының солтүстік-батысындағы жағдай сөз болады деп күтілуде.
Еске салайық, үш елдің басшылары Режеп Тайып Ердоған, Владимир Путин және Хасан Рухани Сүриядағы жетіжылдық соғысты тоқтатуға қатысты мәселені талқылау үшін Анкарада бас қосқан еді. Осы елдер Сүриядағы қақтығысты тоқтатуға кепіл болуға шешім шығарып, 2016 жылдан бастап сүриялық қақтығысты реттеу бойынша бейбіт келіссөздер өткізіп келеді. Сонымен қатар, Б.Гасеми сүриялық үкіметтің өтінішімен ирандық әскери кеңесшілердің «терроризммен күресу» үшін Сүрияда әлі де қалатындықтарын мәлімдеді.