Соңғы екі жылда Қытай сотымен сотталған 15 адам Қазақстанға қайтарылған.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы екі жылда Қытай тарапы Қытай сотымен сотталған 15 Қазақстан азаматын елге қайтарған. Бұл жөнінде Үрімжі қаласында Қытай Жоғары халықтық прокуратура өкілдерімен өткен кездесуде айтылған.

Бұдан бөлек кездесу барысында ҚР Бас прокуратурасы мен Қытай Жоғары халықтық прокуратурасы өкілдері шекаралық аудандардағы ұйымдасқан қылмыстық топтар мен терроризмге қарсы бірлесіп күресу жөнінде уағдаласқан.

"The Qazaq Times"