Халықаралық Футбол федерациясының (ФИФА) бұрынғы вице-президенті және Футболдың оңтүстікамерикалық конфедерациясының бұрынғы жетекшісі Хуан Анхель Напоут жемқорлық ісіне байланысты тағыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы 20minutes.fr хабарлауда.
Агенттіктің хабарлауынша, 60 жастағы парагвайлықтың үш миллионнан астам доллары кәмпескеленуде. Сонымен қатар, ол миллиондаған айыппұл төлеуге міндеттеледі. 2017 жылдың желтоқсан айында сыншылар Напоутқа үш жарым миллион пара алды және 25 миллион доллар бопсалаған деген айып таққан еді. Онымен қоса, Перу мен Бразилия Футбол федерациясының бұрынғы жетекшісі Мануэль Бурга мен Хосе Мария Марин де жауапқа тартылған болатын. М. Бурга ақталып шыққанмен, М.Марин төрт жылға бас бостандығынан айырылып, ақшалай айыппұл төлеуге міндетелген еді.
2015 жылдың мамыр айында ФИФА-ның жемқорлық дауының ортасында қалғаны есімізде. Федерацияның жоғары өкілдеріне Әлем Чемпионаты өтетін елдерді таңдауға дауыс беру кезінде және телетрансляцияға құқық беру барысында пара алды деген айып тағылған болатын. 2015 жылдың 26 мамырында Швейцарияда ФИФА-ның бірнеше ірі қызметкерлері тұтқындалған еді. АҚШ-тың Әділет министрлігі ФИФА-дағы жемқорлық ауқымын 10 миллиард долларға бағалаған болатын.