Астанада президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Бейбітшілік қабырғасы” монументінің ашылу салтанатына қатысты. Монумент Ақтөбе облысының Астананың 20 жылдығына арналған тартуы болып отыр.
Мемориалдың басты ерекшелігі "Бейбітшілік" деген сөз әлемнің 51 тілінде жазылған.
Ашылу салтанатына дипломатиялық миссия жетекшілері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, Ақтөбе облысының делегациясы, сонымен бірге Астанада өтіп жатқан халықаралық Келісімшарт ұйымының қонақтары қатысты.
«Бейбітшілік қабырғасын» Тәуелсіздік алаңының көрнекті тұсына, “Қазақ елі” монументіне жақын жерде салынған. Жоба негізіне Президенттің “Әлем. ХХІ ғасыр” антиядролық манифестінің идеясы енгізілген, сондықтан нысан дәл 29 тамыз – халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күнінде ашылып отыр.
“Бейбітшілік қабырғасы” тұрқы төзімді әрі берік темірден жасалған. Монументті тұрғызуға жалпы аумағы 6 мың текше метр болатын 1200 тонна гранит пайдаланылады. Мемориалда әлемнің 51 тілінде “Бейбітшілік” деген сөз жазылған.
Облыс бюджетіне салынған кешен бейбітшілікті ту еткені, бейбіт елдің мұраты екен рас. Ел орталығы Астанамыздың көрікті, ел мерейіне сай болғаны тағы дұрыс. Дегенмен, бейбіт елдің облыстары бюджеттерін өз тұрғындарының игілігіне жұмсағаны құба-құп.