БҰҰ-дағы тәуелсіз сарапшылардың зерттеуіне сай, 2014 жыл мен 2018 жыл аралығында Йеменде 6,5 мыңнан астам адам қаза болған. Деректер жарияланған соң, Йемендегі соғысушы жақтың адам құқығын бұзғандығы анықталды.
Төрт жыл ішінде жүргізілген аяусыз қақтығыстар мен жанжалдардан жапа шеккендердің барлығы дерлік бейбіт тұрғындар. БҰҰ ұсынған мәлімет бойынша қаза тапқандардан бөлек, елде он мыңнан астам адам ауыр жарақат алған. Сондай-ақ, Йемен үкіметі мен хуситтердің балаларды әскери қызметке күштеп тартқандығы ды анықталды.
Йемендегі майдан жылдан-жылға күшейіп, бейбіт тұрғындар жапа шегіп келеді. БҰҰ төрт жылдан бері елдегі ахуалды тоқтатуға тырысқанмен, еш нәтиже шыққан жоқ.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел