Қазақстанның мемлекеттік қарыздары соңғы бес жылда төрт есеге өскен.
Finprom.kz мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14,8 триллион теңгені (42 миллиард долларды) құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21,9 пайызға көп. Сарапшылар мемлекеттік қарыздарды үш бөлікке бөліп қарастыруда. Атап айтқанда:
Бірінші: Мемлекеттік қарыз - 14,2 трлн. теңге (39 млрд. доллар)
Екінші: Мемлекеттің кепілдігімен алынған қарыздар - 523 млрд теңге (1,5 млрд доллар)
Үшінші: Мемлекеттің кепілдігімен алынған ішкі берешектер - 37,8 млрд. теңге (105 млн. доллар)
Жалпы, мемлекеттік қарыздар үкіметтің ішкі берешектері негізінде өскен. Биылғы жылы мемлекеттің ішкі қарыздары 30,6 пайызға яғни 4,4 триллион теңгеден, 5,8 триллион теңгеге дейін ұлғайған. Ал өз кезегінде сыртқы мемлекеттік қарыздар ағымдағы жылы 4,7 пайызға немесе 210 миллиард теңгеге өскен. Орта есеппен алғанда Қазақстанның мемлекеттік қарыздары жылына 28, 8 пайызға ұлғайуда.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды